«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары
ERNUR.KZ. 20 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп жазады inform.kz
«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.
19 ақпандағы жағдаймен салыстырғанда Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында қатты өзгеріс болған жоқ.