Коронавирус: Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа өтті

0
808

Елордамен қатар Павлодар облысы «қызыл» аймақта тұр.


Коронавирус: Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа өтті

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 10 желтоқсан күнгі Қазақстан облыстарының эпидемиологиялық ахуалын бағалайтын матрицасын жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

Орталықтың бағалауынша «қызыл» аймақтан Солтүстік Қазақстан шыққанымен, Нұр-Сұлтан қаласы кірген. Елордамен қатар Павлодар облысы «қызыл» аймақта тұр.

Ал сары аймақта Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

Қалған өңірлердің бәрі де жасыл аймақта.

Еске сала кетсек, кеше ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың шарықтау шегіне жету ықтималдығына қатысты жаңа болжамды жария еткен болатын.


«Бұрын Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегі 2020 жылдың желтоқсаны мен 2021 жылдың қаңтарына сай келетінін болжаған еді. Алайда қазір оптимистік жағдай қалыптасты. Осыған байланысты апта сайын өзіміздің болжамды мәліметтерімізді зерттеп отырмыз. Қазіргі жағдайда пессимистік болжамға сүйенсек, коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегі 2021 жылдың қаңтары мен ақпанына дөп келеді деп болжауға болады», - деді бас санитар дәрігер ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.