Вакцинация жасатқан адамның қолына жадынама беріледі. Онда екпе салдырғаннан кейін барлық көрсетілімдер толықтай жазылған.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қалалы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін қандай әсерлер болуы мүмкіндігін түсіндірді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Қандай вакцина салдырсақ та, дәрі ектірсек те оның адам ағзасына әртүрлі әсері болуы мүмкін. Яғни, екпе жасатқан жер ауырсынуы, қызаруы мүмкін. Бұған қоса, жалпы ағзаның реакциясы болып, кей адамда дене қызуы көтерілуі, әлсіздік пайда болуы ықтымал. Мұның барлығы адам ағзасына байланысты», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, вакцинация жасатқан адамның қолына жадынама беріледі. Онда екпе салдырғаннан кейін барлық көрсетілімдер толықтай жазылған.
«Вакцинациядан кейін 3 күн бойы ішімдік ішуге, темекі шешуге болмайды. Моншаға түсуге және суық тигізуге болмайтындығын да пациенттерге түсіндіреміз. Өзім бүгін таңертеңгі сағат 10-да вакцина салдырдым. Қазір жағдайым жақсы, маған да түсіндірді. Сонымен қатар бұл процесс цирфландырылған, СМС келді. Онда өзімді қалай ұстауым керектігі және 21 ақпанда екінші компонентті алуға келуім тиістігі ескертілген», - Тимур Мұратов.