Коронавирус жұқтырған адамды тасымалдаған ұшақ Алматыға қонды

0
1 985

Алматы әкімдігі әуежайда коронавирустық инфекцияға жол бермеу бойынша қауіпсіздік шараларын күшейтуде.


Коронавирус жұқтырған адамды тасымалдаған ұшақ Алматыға қонды

ERNUR.KZ. 25 қаңтарында Алматы қаласының әуежайында «Стамбул — Ухань — Стамбул» бағыты бойынша ұшып бара жатқан TCCJ чартерлік рейсі аялдады. Қолда бар ақпарат бойынша бұрын осы бортта коронавирусты жұқтырған жолаушы болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы әкімдігі әуе кемесіне қосымша бензин құюды жүзеге асыру кезінде барлық санитарлық-карантиндік бақылаудың күшейтілген нормаларын сақтап, қажетті шараларды қабылдады. Еліміздегі ірі мегаполистің аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында отын беру операциясы жолаушылар мен экипаж мүшелерін эвакуациялаусыз жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, Алматыға Қытайдың 5 қаласынан келетін рейстері ескеріліп, Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитеті департаментінің және әуежайдың медициналық қызметінің жауапты тұлғалары эпидемияға қарсы санитарлық-профилактикалық шаралар кешенін іске асыруда. Бүгінде барлық рейстер ерекше бақылауда.

Елдегі әуежайлар мен вокзалдарында, әсіресе ҚХР-дан келетін өткізу пункттерінде барлық адамдардың (жолаушылардың, тасымалдаушылардың, экипаж мүшелерінің, бортсеріктердің және басқалардың) міндетті байланыссыз термометриясы жүргізіледі. Барлық өту орындарында, соның ішінде темір жол, автомобиль жолдарында, Қытаймен шекаралас периметрдегі барлық санитарлық-карантиндік пункттерде де термометрия жүргізілуде. Қолда бар мәліметтер бойынша, 13 мыңнан астам жолаушы тексерістен өтті. Инфекцияны жұқтыру жайты тіркелмеген.