Коронавирус жұқтырған Тоқтар Әубәкіров ауруханадан сауығып шықты

0
990

Тұңғыш ғарышкерге COVID-19 вирусының орташа дәрежесі мен екі жақты полисегментальды пневмония диагнозы қойылды.


Коронавирус жұқтырған Тоқтар Әубәкіров ауруханадан сауығып шықты

ERNUR.KZ. Коронавируспен тамыз айында ауруханаға түскен қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров жазылып шықты, деп жазады Stan.kz.

Тоқтар Әубәкіров өткен аптада ауруханадан шығарылған. Ол қалалық жұқпалы аурулар орталығында ем қабылдаған. Тұңғыш ғарышкерге COVID-19 вирусының орташа дәрежесі мен екі жақты полисегментальды пневмония диагнозы қойылды.

Бұған дейін журналист Жұмабике Жүнісова Facebook парақшасында Денсаулық сақтау министрлігінің басшысына хат жолдап, Тоқтар Әубәкіровтың алтын күн бойы жедел-жәрдем күткенін мәлімдегені туралы жазылған болатын.