Коронавирус жұқтырған вице-министрдің іссапармен қай өңірлерге барғаны айтылды

0
673

​Ол жұмыс сапарымен Қарағанды облысына, одан кейін Жамбыл облысына барған. Артынша Алматы облысында болып, бір күнге Алматыға келген.


Коронавирус жұқтырған вице-министрдің іссапармен қай өңірлерге барғаны айтылды

ERNUR.KZ. Коронавирус табылған бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров бірнеше өңірге жұмыс сапарымен барған. Бұл жайында Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

Надыров жұмыс сапарын Қарағанды облысынан бастаған.

"Ол жұмыс сапарымен Қарағанды облысына, одан кейін Жамбыл облысына барған. Артынша Алматы облысында болып, бір күнге Алматы қаласына келді. Қазір осы алгоритм бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - деді Бекшин.

Айтуынша, Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің барлық қызметкері және онымен байланыста болғандар коронавирусқа тест тапсырды.

"Камалжан Надыровтан коронавирус инфекциясы табылғаны бүгін хабарланды. Алматы қаласына жасаған іссапары барысында онымен байланыста болғандар бүгін сағат он бірде коронавирусқа тест тапсырды. Алайда тестің нәтижесі әлі шыққан жоқ", - деді Бекшин.