Қайсар Табынов денсаулығын скринингтен өткізгеннен кейін және дәрігердің қарауынан өткеннен кейін COVAX-19 вакцинасын салдырған.
ERNUR.KZ. Алғаш коронавирусқа қарсы вакцина салдырған Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғылыми-білім беру орталығының ғалым зерттеу жұмысы туралы айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.
Бұған дейін Қазақ Ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табыновтың коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны хабарланған.
Орталық ғалымдар зерттеулермен көбінесе барлық адамның игілігі үшін денсаулығына қауіп төндіре отырып айналысатынын атап өтті.
"Жақында зерттеу мақсатында өндірушісі Vaxine Pty Ltd болып саналатын COVAX-19 вакцинасын алдырдық. Аталған компания Аустралияның ең беделді биотехнологиялық компанияларының бірі және бүгінде елде аталған вакцинаны І-фазалы клиникалық сынақтан өткізуге 40 адам қатысып жатыр. Аралық нәтижелер жаман емес, осы аптада вакцинаны сынақтан екінші рет өтеді. Үш айдан кейін клиникалық сынақтан өткізу үшін 2 және үшінші фазаны шығару жоспарланған, ол жерде 10 елден 30-100 мың ерікті қатысады. Біздің ел де сынақтарға қосылады деп үміттенемін", - дейді Қайсар Табынов.
Қайсар Табынов денсаулығын скринингтен өткізгеннен кейін және дәрігердің қарауынан өткеннен кейін COVAX-19 вакцинасын салдырған. Бүгінде ол өзін жақсы сезінетінін, елеулі жағымсыз құбылыстар анықталмағанын айтады.
Табыновтың сөзінше, вакцина бірнеше себеп бойынша салынған. Біріншіден, біздің елде қолдануға ұсынатын вакцинаның қауіпсіздігі мен иммуногендігіне көз жеткізу. Екіншіден, COVAX-19-дың құрамындағы Advax-CpG адъвантының күшін анықтау. Үшіншіден, отандық вакцинаны жасау үшін COVID-19 қоздырғышымен тікелей жұмыс істеу керек болғандықтан денсаулықты қорғау.