Қазақстан әртүрлі елдердің әртүрлі вакциналарын зерттеп жатыр.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы шетелдік вакциналардың Қазақстанға қашан келетіні туралы мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.
Министр вакцинаға қатысты пікір білдірді. Қазақстанға вакцина барлық зерттеу жұмыстары толығымен жүргізілгеннен кейін ғана келетін болады. Қазіргі таңда, министрлік әлемде шығып жатқан вакциналардың барлығын қадағалап отыр.
"Қазақстан әртүрлі елдердің әртүрлі вакциналарын зерттеп жатыр. Олар клиникалық сынақтардың әр түрлі кезеңдерінде. Біз Ресей вакцинасын білеміз, сонымен қатар ресейлік әріптестерімізбен белсенді түрде жұмыс істейміз. Жеткізу мерзімі вакциналардың клиникалық сынақтардың барлық кезеңінен өткендігі туралы ресми растау болған кезде болады. Мұндай мәліметтерді алған кезде біз нақты деректер қарастырамыз", - деді Цой ОКҚ-дегі онлайн-брифингте.