Коронавирусқа қарсы вакцинаның барлығының құрамы бірдей - желіде жалған ақпарат тарады

0
2 359

COVID-19 тақырыбына арналған видео Ирландия билігі Sars-CoV-2 вирусының жоқ екенін мойындады деген мәлімдемеден басталады.


Коронавирусқа қарсы вакцинаның барлығының құрамы бірдей -  желіде жалған ақпарат тарады

Қазақстандықтар танымал блогер-конспиролог COVID-19-ға қарсы барлық вакцинаның құрамы бірдей және олардың құрамында адамды руханияттан айыратын құпия ингредиент люцеферин бар деген бейнероликті бөлісіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сонымен қатар, ол SARS-Cov-2 вирусының жоқ екені, бұл вирусқа патент берілгені туралы танымал фейктерді айтады.

Портал мәліметінше, видео авторы - "Злой Эколог" You-Tube-арнасының жүргізушісі. Ол өзге ғаламдықтармен байланыс, метеориттердің құпиялары және саяси қастандықтар туралы бейнероликтер жариялайды. Автор ақпаратты "құпия инсайдерден" алатынын айтқан.

COVID-19 тақырыбына арналған видео Ирландия билігі Sars-CoV-2 вирусының жоқ екенін мойындады деген мәлімдемеден басталады. Stopfake.kz мәліметінше, бұл мәлімдеме журналист Джемма О’Доэртидің баяндамасына негізделген, онда ол Ирландияның Денсаулық сақтау департаментіне өтініш жібергенін және оған вирустың жоқ екені туралы нақты жауап алғанын айтады. Шын мәнінде, журналистің өтініші SARS-CoV-2 вирусы да, COVID-19 ауруы да ғылыми факт болғандықтан қабылданбаған.

Вирус геномы толығымен ашылды және 2020 жылғы 10 қаңтардан бастап көпшілікке қолжетімді. Вирустың геномын бірінші болып қытай ғалымдары сипаттаған. 2020 жылғы наурызда Ресей мамандары да аурудың динамикасын жақсы зерттеу үшін вирустың геномын зерттеп, ашты деген ақпарат тарады.

SARS-CoV-2 вирусы туралы толық мәліметтер және оның сипаттамасы ДДСҰ сайтында да бар. Дәл осы мәліметтердің негізінде вакциналар әзірленді және әзірленіп те жатыр. Ғалымдар әртүрлі әдіс-тәсілді қолданып жатыр. Бүгінде қолданылып жатқан препараттардың платформалары әртүрлі. Кейбіреулері матрицалық РНҚ негізінде жасалса, ресейлік "Спутник-V" препараты аденовирус векторында жасалған. Клиникалық немесе клиникаға дейінгі сынақтардан өтіп жатқан басқа вакциналар да белсенді емес вирус, ДНҚ және басқа платформалардың көмегімен әзірленіп жатыр.

Вакциналардың құрамында люциферин болатыны туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Бұл мифтік қараңғы күштердің дәрі-дәрмек жасауға қатысатынының белгісі болып табылатын қорқынышты атауы бар құпия компонент емес. Люциферин - биолюминесценцияға жауап беретін табиғи компонент. Люцифериндер саңырауқұлақтарда, жарық қоңызда, ұлулар мен қоңыздарда, кальмар мен асшаяндарда, сондай-ақ басқа да балықтар мен жәндіктерде кездеседі.

Індеттің қолдан жасалғандығын көрсететін әртүрлі "коронавирус патенттері" туралы есептер бірнеше рет теріске шығарылды, сондай-ақ, вирус мүлдем жоқ деген алғашқы тезиске тікелей қайшы келеді.

Әлеуметтік желілерде "Коронавирус" "сауда маркасын" атағаны үшін бұғаттау туралы мәлімдеме дұрыс емес. YouTube платформасын пайдалану ережелеріне сәйкес, егер роликтің авторы өзін басқа адам ретінде көрсетсе, спам, фейк жаңалықтар мен алаяқтық хабарламалар таратса бұғатталуы мүмкін. Сондай-ақ, көрінеу жалған ақпарат жарияланған немесе платформаны пайдалану ережелерін бұзатын мазмұнға ие платформаларға апаратын сілтемелермен бөлісуге тыйым салынады. Пайдалану ережелерінде сауда маркаларын атап өтуге тыйым салынбаған.

Сонымен қатар, желіде "Коронавирус", COVID, Coronavirus және тағы басқа сөздері бар сауда белгілері тіркелгені туралы мәліметтер жоқ. Осындай атауы бар патенттер бойынша барлық өтінімдер қабылданбаған. Рунетте "Коронавирус" сауда маркасын тіркеуге өтініш беру туралы жаңалық 2020 жылғы 1 сәуірде жарияланған, онда егжей-тегжейлі ештеңе жоқ және одан әрі ешқашан айтылмады.