Оның бағасы шамамен 5 доллар тұрады.
ERNUR.KZ. Коронавирусты 15-30 минут ішінде анықтайтын жаңа экспресс-тест ойлап табылды, деп хабарлайды Хабар24.
Оның бағасы шамамен 5 доллар тұрады, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебреисус.
Жаңа тест, әсіресе, медициналық кадрлар мен зертханалардың жетіспеушілігінен зардап шегетін кедей елдерде аурудың өсу жылдамдығын бақылауға көмектеседі.
Аталған тестті Abbott және SD Biosensor компаниялары шығарады. Олар 133 кедей елге жылына 120 миллион тест шығарады. Кәсіпорынды Билл Гейтстің қайырымдылық қоры қаржыландырады.