Коронавирустың жеңіл түріне шалдыққандар ауруханаға жатқызылмайды

0
617

Қазіргі таңда коронавируспен ауыр және орта дәрежеде жатқан науқастар ғана ауруханаға жатқызылады.


Коронавирустың жеңіл түріне шалдыққандар ауруханаға жатқызылмайды

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова елде коронавируспен ауыр және орта дәрежеде ауырып жатқан адамдар ғана ауруханаға жатқызылатынын мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда коронавируспен ауыр және орта дәрежеде жатқан науқастар ғана ауруханаға жатқызылады. Сонымен қатар КВИ расталмаған, алайда пневмониямен түскен адамдар да ауруханада емделеді. Ал КВИ-ді жеңіл немесе белгісі жоқ күйде көтеретіндер амбулаториялық жағдайда емделуі тиіс. Себебі онсыз да стационардағы төсек-орын бос емес. Сол себепті КВИ-ді жеңіл немесе белгісі жоқ күйде көтеретін азаматтар үйінде емделіп, уческелік дәрігердің бақылауында болуы тиіс», - деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, Людмила Бюрабекова бұған дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарды емдеу хаттамасына жаңа схема енгізілгенін мәлім еткен еді. Оның айтуынша, қазақстандық дәрігерлер анасынан коронавирус жұқтырып туған 21 сәбиді емдеп шығарған.