Көршісі баласымен бірге өртеп жіберді - әйел болған жағдай туралы айтып берді

0
652

​Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр. Оның беті мен өкпесі қатты зардап шеккен.


Көршісі баласымен бірге өртеп жіберді - әйел болған жағдай туралы айтып берді

ERNUR.KZ. Рудныйда көршісі керосин құйып өртеп жіберген бала аса ауыр хәлде жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Баланың басы мен өкпесі күйген, дәрігерлер оны медикаментозды ұйқыға жіберді.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бұл жағдайға арадағы жанжал себеп болған. Алайда жәбірленуші ішімдік салдарынан көршісінде делирий ("белая горячка") болғанын айтады.
Зардап шеккен әйелдің айтуынша, кешке көршісі келгенде ойланбастан есік ашқан. Әдетте Геннадий қауіп төндірмейтін деп отыр, ұлына кәмпит береді екен. Ішімдікке салынса да, арада айтарлықтай жанжал болмаған.
"Балам шам сияқты жанды. Көршім іссапардан келген соң 2-3 апталап ішеді", - дейді зардап шеккен әйел.
Оқиға болған кезде анасының қасында тұрған бала қатты зардап шекті. Керосин басына тиіп, өкпесін зақымдаған. Төрт жасар баланың денесінің 50%-інен астамын күйік шалған. Аса ауыр хәлде.
"Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.
Күдікті 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.