Көршісінің сарайында асылып қалған: Ақтөбедегі жасөспірімнің өліміне қатысты жаңа деректер айтылды

0
743

11-сыныптың оқушысы бір күн бұрын кешке үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.


Көршісінің сарайында асылып қалған: Ақтөбедегі жасөспірімнің өліміне қатысты жаңа деректер айтылды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірім көршісінің сарайында асылып қалған, деп жазады stan.kz.

11-сыныптың оқушысы бір күн бұрын кешке үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Тәртіп сақшыларына жүгінген туыстары мен мармқұмның достары оны бір күн бойы іздепті. Кейін жасөспірімнің мәйітін көршісінің сарайынан табылды.

“Полиция бөліміне көршілерінің сарайынан 2007 жылы туған кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы, өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр”, – деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Марқұм отбасының кенжесі екен. Өмірі ашық-жарқын жүретін, оқуда үлгерімі жақсы оқушының біреуге өкпелеп немесе күйзеліске түскенін ұстаздары да, достары да көрмегенін айтады. Оның бұл қадамға не үшін барғаны да белгісіз болып отыр.

“Бала өте ашық, жарқын болды. Осы мектеп ашылғалы, 1-сыныптан бастап оқып жатыр. 11-сынып оқушысы, үлгерімі жақсы, жан-жақты бала. Оқу басталғалы екі аптада сабақтан қалған жоқ, тұрақты сабаққа келіп жүрді”, – деді Ақтөбе №8 мектебінің директоры Айсұлу Жақсыбаева.