45 жастағы еркек пен оның 20 жастағы ұлы "Охотзоопром" инспекторларына шабуыл жасады деген күдікке ілінді7
ERNUR.KZ. Ақмола полицейлері"Охотзоопром" инспекторларына шабуылдады күдікпен екі адамды ұстады, деп жазады sputniknews.kz.
"45 жастағы күдікті мен оның 20 жастағы ұлы Арқалық тұрғыны екені анықталды. Олар полициядан жасырына жүріп, автокөліктен құтылмақшы болған. Дегенмен, ақмолалық жедел қызметкерлердің жұмыла әрекет етуінің арқасында олар Қостанай облысының аумағында ұсталды", - деп жазылған Ақмола облысы полиция департаментінің хабарламасында.
Бұған дейін Ақмола облысында инспекторларға жасалған шабуылды тергеу барысын ішкі істер министрі ерекше бақылауға алғаны айтылған болатын.
Министр Ерлан Тұрғымбаев қылмысты тергеу үшін өңірге криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары жетекшілік ететін Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының бір топ қызметкерін жіберді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше осы оқиғаға қатысты Ақмола облысында браконьерлер инспекторларға оқ атқаны, кейін инспекторлардың бірі қаза тапқаны жайлы ақпарат берілген еді.