Қосшыда қазақстандықтар фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды

0
94

Қоштасу рәсімі Астана іргесіндегі Қосшыдағы үйінде өтті.


Қосшыда қазақстандықтар фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды

Фото: Tengrinews.kz / Айсултан Кульшманов

ERNUR.KZ. Қаралы жұрт фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды, деп жазады tengrinews.kz.

Қоштасу рәсімі Астана іргесіндегі Қосшыдағы үйінде өтті. Мұнда марқұмның туыстары, әріптестері, көршілері, достары жиналды.

Марқұм небәрі 23 жаста болған.

Еске салайық, 18 қарашада Астанада жедел жәрдем фельдшері қайтыс болды. Ол тұрғын үйдің қасбеті мен кондиционер құлаған кезде зардап шеккен еді. Бұл жайт 8 қарашада болды.

Мемлекет басшысының жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.