Қостанай облысында 55 жастағы әйел өзін-өзі өртеп жіберді

0
346

Қазір аталған фактіге қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.


Қостанай облысында 55 жастағы әйел өзін-өзі өртеп жіберді

ERNUR.KZ. Қостанай облысының Лисаковсктегі полиция бөлімшесі 55 жастағы әйел адамның өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады Azattyq Rýhy.

«15 маусым күні жанып жатқан шөпті өшіру кезінде әйел адамның денесі табылған. Жедел жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады», – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері әйелдің суицид жасамақ болғанын анықтады. Қазір осы жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.