Қостанай облысында аурухананың 15 қызметкерінен коронавирус анықталды

0
527

Барлығы 18 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 15-і сол аурухананың қызметкері болса, үшеуі науқастар.


Қостанай облысында аурухананың 15 қызметкерінен коронавирус анықталды

ERNUR.KZ. Жітіқара орталық аудандық ауруханасында науқастар мен қызметкерлерден коронавирус анықталуына байланысты екі бөлімше карантинге жабылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, ауруханада терапевтік және хирургиялық бөлімдер карантинге жабылды.

Карантин 4 қарашадан 19 қарашаға дейін жалғасады. Барлығы 18 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 15-і сол аурухананың қызметкері болса, үшеуі науқастар.

"Санитарлық-эпидемиологиялық және дезинфекциялық режимді күшейте отырып, балаларға кеңес беру бөлімі мен шұғыл көмек көрсету бөлімі жұмыс істейді (хирургиялық, гинекологиялық, терапиялық қабылдау)", - делінген қаулыда.