Прокуратура дерегінше, сот күдіктіні қамауға алуға санкция берген.
Фото:gov.kz
ERNUR.KZ. Қостанай облысында Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қамауға алынды, деп жазады tengrinews.kz.
"Қостанай облысы бойынша ҰҚКД тарапынан қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Доспанов ұсталды", - деп хабарлады Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Прокуратура дерегінше, сот күдіктіні қамауға алуға санкция берген. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.


