Қостанай облысында мектеп асханасынан оқушылар уланып қалды

0
738

Асханаға қызмет көрсетуші жеке кәсіпкерге 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.


Қостанай облысында мектеп асханасынан оқушылар уланып қалды

ERNUR.KZ. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеев орта мектебінде 11 адам тамақтан уланды. Науқастардың 7-еуі – бала, 4-еуі – ересек адам. Олар ауылдық мектептің шағын орталығының жұмысшылары мен тәрбиенушілері, деп хабарлайды Atameken Business.

Оқиға орнында облыстық сапа және тауар қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Олар науқас балалар мен ата-аналардың арасында сауалнама жүргізіп, ас әзірлеу орындарын тексерді. Эпидемиологтар асханадағы тағамдар мен ауызсу, жуынды судан зертханалық зерттеулер жүргізуге сынамалар алған.

Осы оқиғаға орай полиция тергеу-тексеру жұмыстарын бастады. Балалар мен ересектердің тамақтан жаппай улануы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауынан болғаны расталса, асханаға қызмет көрсетуші жеке кәсіпкерге 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Жалпы, Тимофеев орта мектебінде сабақ дәстүрлі, яғни офлайн форматында жүреді. Шағын орталықта 14 бала тамақтанған. Соның 7-еуі астан уланып қалған, ал қалғанының денсаулығы жақсы.