Қостанай облысында тас жолда шағын автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, ресейлік отбасы мен Қырғызстан азаматы зардап шекті.
ERNUR.KZ. Жол-көлік оқиғасы кеше кешке Алматы - Екатеринбург тас жолында болды, деп жазады ktk.kz.
«Тас жолдың 390 шақырымында «Toyota Estima» маркалы шағын автобус пен «Toyota сorolla» жеңіл көлігі соқтығысты. Соның салдарынан 5 адам зардап шекті. Барлығы Қарабалық орталық аудандық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады ТЖД-дан.
Белгілі болғандай, жол апатынан ресейлік отбасы мен 1981 жылғы Қырғызстан азаматы жарақат алған.