Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек беру үшін қаражат жинау басталды

0
604

Қазіргі уақытта 1 841 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.


Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек беру үшін қаражат жинау басталды

ERNUR.KZ. Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы орын алған табиғи өрт апатына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы өрт салдарынан зардап шеккен халыққа көмек көрсету акциясы ұйымдастырып бастағаны туралы мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Ассамблея мәліметінше, 4 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және барлық облыстардың Достық үйлеріндегі волонтерлік орталықтардың базасында қаражат пен қажетті заттарды жинау үшін жедел штабтар құрылды. Келіп түскен ақпарат бойынша эвакуацияланған азаматтар азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен және төсек-орынмен қамтамасыз етілген.

Зардап шеккен азаматтарға үйлерін, қожалықтарын, киімдері мен тұрмысқа керек заттарын қалпына келтіру қажет. Осыған байланысты қаражат жинау басымдылықта екенін түсініп, оны арнайы ашылған есеп айырысу шотына жіберсеңіздер болады: 8 747 482 64 49. Бұл жұмысты үйлестіру "Қоғамдық келісім" РММ-ға жүктелді”, – делінген ҚХА мәлімдемесінде.

Гуманитарлық көмекті жинау (киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық құралдар, төсек-орын жабдықтары) кезінде туындаған сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8-705-558-05-08 – Рамазанова Наталья Сергеевна, Қостанай облысының әкімдігінің "Қоғамдық келісім" КММ Қоғамдық даму департаментінің басшысы.

Еске салсақ, қазіргі уақытта 1 841 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Жедел желі ашылып, зардап шеккендермен психологтар жұмыс істеп жатыр. 10 адам зардап шекті, бір адам көз жұмды.