Полиция қылмыстық іс қозғады.
фото: ERG
ERNUR.KZ. "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" АҚ "Соколовская" шахтасында жарылыс болды, деп жазады sputnik.kz.
Жарылыс салдарынан бір адам зардап шекті. Ол - 25 жылдық тәжірибесі бар машинист. Компанияның мәліметінше, оқиға жарылғыш материалдарды қолдану кезінде болған.
"Оқыс оқиға машинист қазба құдығындағы кеннің тым үлкен бөліктерін, яғни өндірілген кенді түсіру кезінде болған. Жерасты тау-кен қазбасының қатып қалуын жою бойынша жұмыстары орындалған. Жұмыстар өнеркәсіптік жарылғыш заттарды қолдану арқылы жүргізілді", - дейді компанияда.
Компанияның мәліметінше, зардап шеккен жұмысшының жасы 55-те. Ал оқиға 5 қаңтарда болған. Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Рудный қаласында орналасқан шахта аумағында қызметкердің өндірістік жарақат алу фактісі бойынша полиция "еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғады. Жәбірленуші қалалық ауруханаға жеткізілді", - дейді Қостанай облыстық полиция департаментінде.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


