Қостанайда әйелді көшенің ортасында пышақтап кетті

0
689

Әйел ауруханаға жеткізілді.


Қостанайда әйелді көшенің ортасында пышақтап кетті

ERNUR.KZ. Қостанайда 14 қарашада тапатал түсте әйелді пышақтап кетті, деп жазады Stan.kz.


"38 жастағы әйелге пышақпен шабуыл жасау фактісі бойынша «Адам өлтіруге оқталу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта Қостанай қаласының 41 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам жәбірленушіге бірнеше пышақ жарақатын салған. Әйел ауруханаға жеткізіліп, тиісті ем-дом шараларын алып жатыр", - делінген ресми хабарламада.


Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.