Қостанайда қараусыз қалған 10 мыңға жуық тұрғын үйді полиция күзетіп жүр

0
434

Қараусыз қалған мүлікті күзету үшін полиция 45 елдімекенді бақылауға алды.


Қостанайда қараусыз қалған 10 мыңға жуық тұрғын үйді полиция күзетіп жүр

ERNUR.KZ. Су басып, қараусыз қалған он мыңға жуық тұрғын үй мен басқа да ғимараттарды полицейлер күзетіп отыр. Ұрлық-қарлық тіркелмеген, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді.

Жалпы, құтқару және су тасқынына қарсы іс-шараларына 4 мыңнан аса полиция қызметкері мен ұлттық ұланның әскери қызметшілері, сондай-ақ, курсанттары да жұмылдырылған.

700 қызметтік техника жеткізілген. Олар арық қазып, құм төсеп, басқа да көмек түрлерін көрсетіп жатыр. Қараусыз қалған мүлікті күзету үшін полиция 45 елдімекенді бақылауға алды.

"Қостанайда су басқан аймаққа кіруге тыйым салынған полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбағаны үшін 4 адам жауапқа тартылды. Мәселен, 6 сәуірде тереңдігі бір метрге жететін су басқан аймаққа өтпек болған мас күйіндегі адамдар тоқтатылды."Қайсар Сұлтанбаев, ҚР Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы