Қостанайда күзетшілер мониторингтік топ мүшелеріне шабуыл жасады

0
2 251

​Сағат 22.00-ден кейін жұмыс істеп тұрған мекемеге мониторингтік топтың үш өкілі ғана кіріп үлгерді. Бұдан оң бар қызметкерлері есікті жауып тастады.


Қостанайда күзетшілер мониторингтік топ мүшелеріне шабуыл жасады

ERNUR.KZ. Қостанайда бар күзетшілері мониторингтік топ мүшелеріне күш көрсетті. Олар мекемеге кіріп, карантин талаптарының сақталуын тексермек болған, деп жазады sputniknews.kz.

Мониторингтік топтың үш өкілін бардан күшпен шығарып жіберді.

Сағат 22.00-ден кейін жұмыс істеп тұрған мекемеге мониторингтік топтың үш өкілі ғана кіріп үлгерді. Бұдан соң бар қызметкерлері есікті жауып тастады. Полиция ішке кіру амалын іздеп жатқан уақытта мекеме қызметкерлері әйелдерді өзге есіктен шығарып жіберді. Оларға күзеттің күш көрсеткені анықталды.

Қызметтік бабын асыра пайдаланғаны үшін бес жылға дейін сотталуы мүмкін.

Тараздағы лото-клуб келушісіне қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Ол мониторингтік топ өкілдеріне шабуыл жасаған.

Олардың ойынды бөліп, камераға түсіргеніне ер адамның көңілі толмаған. Басында ол топ мүшесінің телефонын алып қойды, кейін жұдырық ала жүгірді.