180 күннен кейін ақша мемлекет қарамағына өтіп кетуі мүмкін екен.
ERNUR.KZ. Қостанай облысының тұрғыны лотереядан 2 млн теңге ұтып алды. Бірақ ол өзінің ұтысын алып кетуге асығар емес деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы редакцияға лотереяның PR-менеджері Әсемгүл Сыздықова хабарлады. Ірі соманың иегері билетті пошта арқылы алған. Нәтижесін күткен ол, 2 млн теңге ұтқанын білген.
Ұтыс иегері ақшаны алу үшін Қостанайға келу керек болған. Алайда жеңімпаздың телефоны сөндірулі болып, байланысқа шықпай қойған.
180 күннен кейін ақша мемлекет қарамағына өтіп кетуі мүмкін.