Қостанайда өзенге ағып кеткен баланың мәйіті 5 күннен кейін табылды

0
338

Козыревка кентінде баланы іздестіру жұмыстары аяқталды.


Қостанайда өзенге ағып кеткен баланың мәйіті 5 күннен кейін табылды

ERNUR.KZ. ТЖД құтқарушылары Тобыл өзенінің су аймағында 8 жасар баланың мәйітін тауып, судан алып шықты, деп жазады inbusiness.kz.

Қостанай облысы ТЖД мәліметінше, 18 тамызда Б. Майлин ауданы Козыревка кентінде Тобыл өзені арқылы топырақ үйіндісінен өту кезінде абайсызда ер адам мен 8 жасар бала суға құлаған.

Ер адам өз күшімен судан шығып үлгерсе, баланы өзен ағысы алып кеткен.

Су астында 63 мың шаршы метр, жерде 80 шақырым жер тексерілген.