Қостанайда полицейлер азаптаған ер адам көзінен айырылды

0
785

Алқа астаналыққа үкім шығарған бірінші сатыдағы соттың үкімімен келіспей, оның күшін жойып, жаңадан ақтау үкімін шығарды.


Қостанайда полицейлер азаптаған ер адам көзінен айырылды

ERNUR.KZ. Астана тұрғыны есірткі сақтағаны үшін 7 жылға сотталған. Кейін оның жасамаған қылмысты ауыр азаптаудан соң амалсыз мойнына алғаны анықталды, деп жазады Stan.kz

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2022 жылдың 30 маусымындағы үкімі бойынша елордалық азамат ірі көлемде есірткі және психотропты заттарды сату мақсатында сақтағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Артынан сотталушы және оның қорғаушылары апелляциялық шағым берді.

"Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізген полиция қызметкерлері оны азаптап, түрлі дене жарақатын салған. Ол соның салдарынан бір көзі көрмей қалғанын мәлімдеді. Анықталған деректер ескеріле отырып, құзырлы органдардың тергеу барысында халықаралық стандарттарда талап етілетін іс-шараларды қолданбағаны, хаттамалардың ҚІЖ кодексіне қайшы екені дәлелденді. Апелляциялық шағым бойынша, ҚК 297-бабының 2-бөлігіне сәйкес (Есірткі, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау) қылмыс жасамағаны айқындалып, кінәсіз деп танылды", — дейді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Алқа астаналыққа үкім шығарған бірінші сатыдағы соттың үкімімен келіспей, оның күшін жойып, жаңадан ақтау үкімін шығарды.

Сот алқасы шағымданушы құқықтары өрескел бұзылғанын атап өтті. Нақтысында, ауыр дене жарақатын алу салдарынан оның сол көзі көрмей қалған, көлігіне нұқсан келген. Сондай-ақ, автокөлікті тінтуден кейін оның жеке заттары ұрланыпты. Одан тәркіленген ұялы телефонды да полиция қызметкерлері иемденіп алған.