Қостанайда полиция көлігімен болған жол апатында төрт жасар бала көз жұмды

0
919

​Полиция көлігі жол көлік оқиғасы болған жерге маяк шамын жағып кетіп бара жатқан кезде апатқа ұшыраған.


Қостанайда полиция көлігімен болған жол апатында төрт жасар бала көз жұмды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында болған екі жол апаты салдарынан үш адам көз жұмды. Олардың арасында төрт жасар бала бар, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жол апатына полиция көлігі де ұшыраған.




Полицейлер ұсынған дерекке сүйенсек, қызметтік автокөлік пен ВАЗ-2115 көлігінің соқтығысуы 25 шілде күні сағат 16.00 шамасында, Қостанай-Рудный тас жолының 10-шы шақырымында болған. Оқиға салдарынан төрт жасар бала көз жұмды. Тергеушілер полиция көлігі осы жолдың 17-ші шақырымдағы апат орнына маяк шамын жағып кетіп бара жатқан кезде болғанын анықтады.

Ал осы оқиғадан бір сағат бұрын жеңіл көліктің 26 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі арыққа түсіп кеткені хабарланған. Апат салдарынан жүргізуші мен көліктің 23 жастағы жолаушысы қаза тапты.