Қостанайда полиция қызметкерін өлтірген ер адам 19 жылға сотталды

0
707

Отбасын ойрандаған мас ер адам полиция қызметкеріне пышақ сұғып алған.


Қостанайда полиция қызметкерін өлтірген ер адам 19 жылға сотталды

ERNUR.KZ. 22 маусымда полиция қызметкері Дархан Базарбаевты өлтірді деп айыпталған Михаил Прокуратовқа қатысты Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды, деп жазады zakon.kz.

Алау басылымының хабарлауынша, сот Прокуратовты 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ең қатаң режимдегі мекемеде өткізу туралы үкім шығарды.

Еске сала кетсек, 19 қаңтарда 102 нөміріне Тобыл қаласындағы (Затобольск) Комсомольская көшесінің бойындағы үйде отбасылық жанжал шыққаны туралы шұғыл қоңырау келіп түсті. Патрульдік полицияның экипажы шағым бойынша оқиға орнына келді. Полиция сержанттары Дархан Базарбаев пен Амангелді Сыздықов келгенде бұрын сотталған 28 жастағы мас Тобыл тұрғыны өзінің бүкіл отбасын өлтіремін деп қорқытып, қоқан-лоқы жасап жатқан. Туыстары оның бұзық ниетін байқап, пышаққа үйге жүгіргенде сыртынан есікті жауып тастаған. Содан соң полиция шақырған. Мас еркекті сабасына түсіріп, оны залалсыздандыру үшін полиция қызметкерлері есік ашып, оның қолындағы пышақты қағып түсіреді. Бірақ ол полиция қызметкерлерінің біріне пышақ сұғып үлгереді. Жедел жәрдем келгенше ол оқиға орнында көз жұмды. Ол 25 жаста еді.