Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды

0
566

Полиция қызметкерлері терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау — қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын іс-әрекет екенін еске салады.


Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды

Сурет: policia.kz

ERNUR.KZ. Қостанайлық жасөспірім сауда орталықтарының біріндегі терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген, деп жазады kaz.zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қостанай қаласындағы сауда орталықтарының бірінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берген кәмелетке толмаған құқық бұзушыны анықтап, қылмыстық жауапкершілікке тартты.

Істі қарау нәтижесінде Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен құқық бұзушыға бір жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілене отырып, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Полиция қызметкерлері терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау — қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын іс-әрекет екенін еске салады.