Қостанайда жалған хабар таратқан тоғыз жастағы бала жазаланады

0
547

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тоғыз жастағы баланы анықтады.


Қостанайда жалған хабар таратқан тоғыз жастағы бала жазаланады

ERNUR.KZ. Қостанай облысы полиция департаменті шұғыл қызметінің телефонына қоңырау келіп түсті. Тұтқаның арғы жағында баланың дауысы облыс орталығындағы мектептердің бірінде жарылғыш құрылғы мен террористер бар екенін айтқан, деп жазады zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тоғыз жастағы баланы анықтады. Белгілі болғандай ол көшеде жүріп, осылайша достарының көңілін көтеруді шешкен. Оқиға орнына арнайы қызметтер барып, қызметкерлер мен мектеп әкімшілігі эвакуацияланды.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

"Сонымен қатар ата-аналарға тиісті шаралар қабылдау туралы мәселе қаралады", - деді басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.

Полицейлер шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертті.