Енді жаттықтырушыға қатысты екі бап бойынша іс қозғалды.
ERNUR.KZ. Қостанайда шорт-тректен жаттықтырушы бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталды. Ол жарыстарға жоқ адамдарды алып барған. Ал спортшыларға арналған қаржыны өз депозитінде сақтаған, деп жазады Stan.kz.
Жаттықтырушы спортшыларды жарыс пен дайындыққа апарып, бұл үшін қаржы алып келген. Алайда кейін спортшыларда ешқайда апармағаны анықталды. Ұрланған 6 миллион теңгеден бөлек қаржыны депозитте сақтап, тағы 600 мың теңге көлемінде банк сыйақысын да алып үлгерген.
Енді жаттықтырушыға қатысты екі бап бойынша іс қозғалды.
"Аталған бап бойынша күдікті 7 жылға дейін сотталуы мүмкін. Сонымен қатар белгілі қызмет түрімен 6 жылға дейін айналысуға тыйым салынады", – деді Қостанай облысы прокурорының орынбасары Марат Игіліков.