Қаулы 2025 жылғы 28 қазаннан бастап күшіне енеді.
Фото: pexels
Атап айтқанда, мынадай өзгерістер енгізілді:
Қазақстан азаматының шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін республика және әкімшілік аудан (қала), облыс шегіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің түрлері бойынша шекті (ең жоғары) мөлшерлері жаңа редакцияда баяндалды;
Шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары мен олардың аффилиирленген тұлғалары ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша жер пайдалану құқығында иелене алатын республика және әкімшілік аудан (қала), облыс шегіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің түрлері бойынша шекті (ең жоғары) мөлшерлері де жаңа редакцияда бекітілді.
Сонымен, облыстар бойынша мемлекеттік емес, шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғалар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу мақсатында уақытша жер пайдалану құқығында иелене алатын ауыл шаруашылығы алқаптарының ең жоғары ауданы (оның ішінде егістік және суармалы жерлер) 35 000 гектар мөлшерінде белгіленді.
Оның ішінде 23 016 гектар егістік, соның ішінде 16 229 гектар суармалы жер:
- Абай облысы – 35 000 га (6 500 га егістік, оның ішінде 5 850 га суармалы);
- Ақмола облысы – 10 000 га (5 000 және 500 га);
- Ақтөбе облысы – 35 000 га (10 000 га егістік);
- Алматы облысы – 6 819 га (450 га егістік);
- Атырау облысы – 20 000 га (250 және 520 га);
- Шығыс Қазақстан облысы – 33 500 га (3 500 және 650 га);
- Жамбыл облысы – 10 085 га (775 және 290 га);
- Жетісу облысы – 4 050 га (300 га егістік);
- Батыс Қазақстан облысы – 18 800 га (4 791 га егістік);
- Қарағанды облысы – 51 000 га (32 000 га егістік);
- Қостанай облысы – 88 242 га (41 242 га егістік);
- Қызылорда облысы – 31 000 га (10 000 га);
- Маңғыстау облысы – 7 500 га;
- Павлодар облысы – 26 936 га (20 287 және 16 229 га);
- Солтүстік Қазақстан облысы – 28 405 га (23 016 га егістік);
- Түркістан облысы – 9 621 га (500 және 300 га);
- Ұлытау облысы – 27 000 га (5 000 га егістік).
Республика және әкімшілік аудан (қала), облыс шегінде ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуы жоқ мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының уақытша жер пайдалану құқығында иелене алатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері 150 000 гектар болып белгіленді. Оның ішінде 130 000 гектары – егістік, 22 556 гектары – суармалы жер:
- Абай облысы – 51 500 га (13 000 га егістік, оның ішінде 11 700 га суармалы);
- Ақмола облысы – 150 000 га (130 000 және 2 000 га);
- Ақтөбе облысы – 50 000 га (20 000 га егістік);
- Алматы облысы – 26 500 га (2 600 га егістік);
- Атырау облысы – 35 000 га (500 және 500 га);
- Шығыс Қазақстан облысы – 76 000 га (10 000 және 1 500 га);
- Жамбыл облысы – 28 460 га (2 230 және 820 га);
- Жетісу облысы – 27 000 га (2 000 га егістік);
- Батыс Қазақстан облысы – 48 000 га (21 886 га егістік);
- Қарағанды облысы – 51 000 га (32 000 га егістік);
- Қостанай облысы – 88 242 га (41 242 га егістік);
- Қызылорда облысы – 30 000 га (2 700 және 2 700 га);
- Маңғыстау облысы – 25 000 га;
- Павлодар облысы – 53 152 га (22 556 және 22 556 га);
- Солтүстік Қазақстан облысы – 120 700 га (98 700 га егістік);
- Түркістан облысы – 41 366 га (2 500 және 500 га);
- Ұлытау облысы – 45 000 га (10 000 га егістік).
Қаулы 2025 жылғы 28 қазаннан бастап күшіне енеді.