ҚР ІІМ ата-аналарды нашақорлықтың алдын алу жөніндегі жұмысқа атсалысуға шақырады

0
127

​Қазақстанның барлық өңірінде есірткі қылмысының алдын алуға және халықтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік және профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.


ҚР ІІМ ата-аналарды нашақорлықтың алдын алу жөніндегі жұмысқа атсалысуға шақырады

ERNUR.KZ. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді.

«Біз тек жедел жұмыспен ғана шектелмейміз. Оқушылар, студенттермен түсіндіру жұмыстарын, сабақтар өткіземіз, әлеуметтік роликтер шығарамыз. Жыл басынан бері 16 мыңнан астам түрлі профилактикалық іс-шара өткізілді. Ел мектептерінде 7 мыңнан астам профилактикалық дәріс оқылды, жоғары оқу орындарында 3 мыңнан астам іс-шара өтті. 1,5 млн-нан астам адам қамтылды», – деп атап өтті спикер.

Оның мәлімдеуінше, бұл жұмысқа ІІМ қызметкерлері, ҮЕҰ, жастар бірлестіктерінің өкілдері мен еріктілер де тартылды. Спикер бұл іс-шараларға тек мемлекеттік органдар мен әкімдіктерді ғана емес, ата-аналарды да белсенді тарту қажет деп санайды. Осы мақсатта Министрлік «Әр үйге тест» жобасын іске қосты. Яғни, ата-аналар өздері балаларының есірткі тұтынуын тексере алады. ІІМ бұл шара жасөспірімдердің есірткіге тәуелділігін ерте кезеңде тоқтатуға мүмкіндік береді деп санайды.