ҚР Президенті бірқатар елді мекенді қайта атау туралы жарлықтарға қол қойды

0
950

Жарлықтар алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


ҚР Президенті бірқатар елді мекенді қайта атау туралы жарлықтарға қол қойды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданын, Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданын және Зырян қаласын қайта атау туралы жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

«ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы ҚР Заңының 9-бабына сәйкес:

  • Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы Бәйтерек ауданы болып қайта аталды;
  • Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы және Зырян қаласы Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта аталды.

Жарлықтар алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.