Ержан Қазанбаев бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ержан Қалдыбайұлы Қазанбаев ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Ержан Қазанбаев 1983 жылы Алматы қаласында туған. 2006 жылы Алматы технологиялық университетін, 2008 жылы Абердин университетін (Ұлыбритания) бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы «Экспресс Банк» АҚ-ында комплаенс-бақылаушы болып бастаған.
Сонымен қатар коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
2010-2012 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің Инвестициялық саясат басқармасының сарапшысы м. а., сарапшы.
2012-2013 жж. — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау басқармасының басшысы.
2013 жылы — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің Мемлекет міндеттемелері басқармасының саясат басқармасының басшысы.
2013-2016 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары, Астана қ. 2016-2019 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры. 2019 жылғы шілде айынан қазірге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.