Павлодарлықтар полицейлердің тапқырлығын жоғары бағалады.
ERNUR.KZ. Павлодар облысының полициясы телефон және интернет-алаяқтықпен күресудің жаңа әдісін ойлап тапты, деп жазады tengrinews.kz.
Жергілікті тауар өндірушілермен жасалған келісімнің арқасында алаяқтардан қалай сақтануға болатыны жазылған жазба азық-түлік өнімдерінде пайда болды.
"Бұл жазбаларда алаяқтардың ықтимал әрекеттері туралы ақпарат беріледі. Қазіргі уақытта аталмыш жұмыс жүргізілуде және әрі қарай жалғастырылатын болады", - деді Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.
Павлодарлықтар полицейлердің тапқырлығын жоғары бағалады.
"Тауар сатып алғанда жазбасына мұқият қараңыздар. Сақтық шаралары толық жазылған. Мұндай ескертулер, әрине, қажет", - деді тұрғындардың бірі.
Ескертулері бар жадынамалар "полицияның қазақстандық сервистік моделі" пилоттық жобасы аясында қала дүкендеріне де орнатылған.