Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты

0
1 207

2018 жылдың наурызында Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.


Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты

ERNUR.KZ. Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы оның қорғаушысы Мәди Мырзағараев хабарлаған.

2018 жылдың наурызында Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол пара алғаны және ақша ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған. Сот төрт айдан астам уақытқа созылды.

Бишімбаевпен бірге тағы 22 адамның ісі қаралған, олар: "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ-ның бұрынғы қызметкерлері, кәсіпкерлер мен құрылыс компанияларының өкілдері. 2019 жылы ақпанда Бишімбаев Шымкент қаласындағы орта қауіпсіздік мекемесіне ауыстырылған.