Курсант өлімі: өзге ата-аналар да академиялардың былық-шылығы туралы айтты

0
1 781

​Алматыда ішкі істер министрлігі академиясының курсанты Саламат Өтегеновтың денесі 13 желтоқсанда асхананың қосалқы бөлмесінде табылған болатын.


Курсант өлімі: өзге ата-аналар да академиялардың былық-шылығы туралы айтты

ERNUR.KZ. Алматыда ішкі істер министрлігі академиясында өз-өзіне қол салған 19 жастағы курсант Саламат Өтегеновтің анасы сұқбат берді. Айтуынша, ұлының қазасы туралы ақпарат тарағаннан кейін баласы басқа академияда оқитын ата-аналар байланысқа шыққан, деп жазады sputniknews.kz.

Әйелдің айтуынша, ата-аналар басқа оқу орындарында да алым-салық пен қысымның бар екенін жеткізген.


"Ұлым туралы мақала жарияланғаннан кейін маған WhatsApp арқылы екі ата-ана жазды. Олардың ұлы да ІІМ академиясында оқиды екен. Олар нақты қай академияда оқитынын айтпады, алайда маған хабарласқан кісінің бірі "ұлының академияда көрсетілген қысымға" байланысты шығып кеткенін айтты. Екінші адам баласы оқып жатқан академияда да курсанттардан қаражат жинау фактілері болғанын жазды", - деді Бекзат Иманғалиева.

Өңірлік басылымның хабарлауынша, бұл ата-аналар есімін көрсетуге және тілшілермен сөйлесуге келіспеген.


Курсант өлімі

Алматыда ішкі істер министрлігі академиясының курсанты Саламат Өтегеновтың денесі 13 желтоқсанда асхананың қосалқы бөлмесінде табылды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі оны құтқара алмады. Қаралы хабар ата-анасына сол күні хабарланды. 16 желтоқсанда марқұм Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы Шабдаржап ауылында жерленді.

Жігіттің анасы оқу мекемесінде әрдайым ақша талап ететінін айтты. Бекзат Иманғалиеваның айтуынша, сессияны ақшасыз тапсыру мүмкін болмаған.

Одан кейін бұл оқу орнында кешенді тексеріс басталып, академия бастығы қызметінен босатылды.