Құрылыс саласында бақылауды күшейтуді қарастыратын заң жобасы әзірленді – ИИДМ

0
607

Құрылыс саласында бақылау әлсіз болғандықтан, кейбір объектілер кемшіліктермен қабылданады.


Құрылыс саласында бақылауды күшейтуді қарастыратын заң жобасы әзірленді – ИИДМ

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары шағымсыз тексере алмайды және объектілерді пайдалануға қабылдауға қатыспайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта елімізде құрылыс саласында бақылау әлсіз болғандықтан, кейбір объектілер кемшіліктермен қабылданады.

Мемлекеттік бақылауды күшейту үшін мынадай шұғыл шараларды қамтитын заң жобасы әзірленді:

  1. Аумақта құрылысты сапасыз жоспарлауды болдырмау үшін қала құрылысы сараптамасын енгізу;
  2. Құрылыстың барлық кезеңінде (қазаншұңқыр қазудан бастап абаттандыру жұмыстарына дейін) объектілерге жоспарлы бақылау енгізу және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысуы;
  3. Пайдаланылатын материалдар мен орындалған жұмыстардың сапасына зертханалық және техникалық тексеру жүргізу үшін тәуелсіз мемлекеттік зертханалық қызмет құру.

Мемлекет басшысы 2021 жылғы Жолдауында қалаларды кешенді салудың жаңа стандарттарын әзірлеу қажеттігін айтты.