Бұған дейін 16 жасқа толмаған баланың фотосуреті жапсырылған қосымша қағазды көрсету міндетті болған еді.
ERNUR.KZ. Қырғызстанға сапарлайтын қазақстандықтарға балалардың туу туралы куәлігіне қосымша анықтама қажет болмайды. Мұндай шешім қазақстандық-қырғыз үкіметаралық кеңестің VIII отырысы барысында қабылданды, деп жазады Stan.kz.
Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин қатысқан отырыс барысында Қазақстан және Қырғызстан үкіметтері арасындағы келісімдегі аталған мемлекеттер азаматтарының ел аумағында болу тәртібіне қатысты өзгертулер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.
Аталған құжат екі мемлекеттің парламенттері мақұлдағаннан кейін күшіне енеді.
Құжат мақұлданған жағдайда, балаларымен бірге Қырғызстан шекарасынан өткісі келетін қазақстандықтарға туу туралы куәлігімен бірге жүретін қосымша анықтама қағазы қажет болмайды. Бұған дейін 16 жасқа толмаған баланың фотосуреті жапсырылған қосымша қағазды көрсету міндетті болған еді.