Қытай Қазақстанда жел паркін және жел турбиналарын шығаратын зауыттар салады

0
490

Құжатқа "Самұрық-Қазына", Қазақстан энергетика министрлігі, Қытай мемлекеттік энергетикалық инвестициялық корпорациясы (CPIH) және Қытай SANY Renewable Energy қол қойды.


Қытай Қазақстанда жел паркін және жел турбиналарын шығаратын зауыттар салады

ERNUR.KZ. Қытай компаниялары Қазақстанда жаңа жел паркін салып, жел турбиналарын өндіреді. Бұл жөнінде Сианьде Қазақстан президентінің Қытайға мемлекеттік сапары аясында меморандумға қол қойылды, деп жазады sputnik.kz.

Құжатқа "Самұрық-Қазына", Қазақстан энергетика министрлігі, Қытай мемлекеттік энергетикалық инвестициялық корпорациясы (CPIH) және Қытай SANY Renewable Energy қол қойды.
Сондай-ақ Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр станцияларының жаңа паркі құрылатын болады. Нәтижесінде Қазақстанда жаңартылатын генерацияның жиынтық қуаты 40%-ға артады.
Сонымен қатар жел паркінің жанында энергия сақтау құрылғысы жоспарланған – бұл ауа-райы өзгерген кезде жел генерациясының ауытқуын қалыпта ұстауға мүмкіндік береді.
Бұған қоса CPIH ҚР-да мұнаралар мен жел турбиналарына арналған қалақтар шығаратын бірнеше заманауи зауыттар салуға ниетті.