Қытай Қазақстаннан жеткізілетін астықты ұзақ тексеріп жатыр

0
224

Қытайдан Қазақстанға 25 мың тонна астық тиелген 360 вагон қайтарылды.


Қытай Қазақстаннан жеткізілетін астықты ұзақ тексеріп жатыр

фото :ктж

ERNUR.KZ. Қытайдың кедені қызметі Қазақстанмен шекарада контейнерлердегі астықты тексеруді күшейтті. Тексеру уақыт 5 тәуліктен 10 тәулікке дейін созылып жатыр. “Қорғас” станциясында кедендік тексеруді күткен 2500-ден астам контейнер жиналып тұр, деп жазады sputnik.kz.
Қыркүйек-қараша аралығында Қытайдан фитосанитарлық, карантин сертификаттары мен кедендік декларациялар бойынша Қазақстанға 360-тан астам вагон немесе 25 мың тонна астық қайтарылды, деп хабарлады “Қазақстан темір жолы” АҚ. Бұл ретте Ресейге тасымалдау еш шектеусіз жүріп жатыр.
Екі айда қазақстандық астықтың Ресей Федерациясына экспорты 23,4 мың тоннаны құрады, оның ішінде Ресей арқылы транзитпен жөнел ілген 113 мың тонна астық бар. Ақтау порты арқылы Иран бағытында жүк тасымалы екі айда 250 мың тоннадан асты.
Ал Қазақстан диқандары жаңа астықтың екінші бір миллион тоннасын тиеді. Қыркүйек-қазан айларында жаңа егіннен астық тасымалдау 2,2 миллион тоннадан астамды құрады. Оның 1,8 млн тоннасы экспортқа шығарылды – бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға жоғары.