2020 жылы азамат Шымкент қаласында күш қолдану арқылы бойжеткенді зорламақ болған.
ERNUR.KZ. Бас прокуратура қыз зорламақ болғаны үшін айыпталған азаматтың Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланғанын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.
Ведомствоның мәліметінше 2020 жылы азамат Шымкент қаласында күш қолдану арқылы бойжеткенді зорламақ болған. Жәбірленуші қарсылық көрсетіп, қылмыскердің қолынан қашып құтылған. Сот оны кінәлі деп таныған. Алайда ол үкімнен қашып, тағайындалған жазаны өтеуден жалтарған.
“Соған байланысты халықаралық іздеу жарияланды. 2023 жылғы қазанда сотталушы Грузия аумағында ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша грузиялықтарап оны экстрадициялау туралы шешім қабылдады.
Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен сот үкімін орындау үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады”, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.