Қызылордада 11 мың орындық стадион ашылды

0
186

Бұл еліміз бойынша УЕФА стандарты бойынша салынған үшінші стадион.


Қызылордада 11 мың орындық стадион ашылды

© Photo : туризм және спорт министрлігі
ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында 11 мың орындық көпсалалы стадион ашылды, деп жазады sputnik.kz.


Спорт нысанының жалпы аумағы 20 мың шаршы метрден асады. Кешенде бокс, күрес, спорттық гимнастика, таеквондо, ауыр атлетикаға арналған залдар бар. Сонымен қатар орталықта ерекше қажеттілігі бар жандар үшін де қолайлы жағдай қарастырылған.


"Жыл басынан бері еліміздің 14 өңірінде 32 спорт нысаны пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 70 нысанның құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. "Қайсар Арена" стадионы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асқан ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Бұл кешен ірі халықаралық жарыстар мен мәдени-спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді", – деді туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Стадион УЕФА-ның 4-санатына толық сәйкес келеді. Футбол алаңы заманауи жасанды көгалмен жабдықталып, жарықтандыру жүйесі де УЕФА талаптарына сай жасалған.