Қызылордада балаларды тасымалдайтын балабақша көлігі апатқа ұшырады

0
156

Көлікте екі қызметкер мен 4 бала болған.


Қызылордада балаларды тасымалдайтын балабақша көлігі апатқа ұшырады

Фото: time.kz

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында 1 шілде күні "Chevrolet Cobalt" маркалы автокөлігі автобуспен соқтығысқан, деп жазады inbusiness.kz.

Салдарынан ауыр дене жарақатын алған 2 бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Сондай-ақ балабақша тәрбиешісінің көмекшісі де ауыр хәлде ауруханаға жатқызылған.

Қазір оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат бөліміне 4 бала келіп түсті. Екі баланың жағдайы тұрақты болып, олар толығымен тексеруден өтіп, амбулаториялық ем алу үшін үйлеріне жіберілді. Қазір екі бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары тұрақсыз, – деп хабарлады Қызылорда облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Гүлнұр Өксікбаева.