Қызылордада жоғалған азаматты белгісіздердің бейітіне жерлей салған полицейлер жазаға тартылды

0
737

Жоғалып кеткен 34 жастағы Берік Сағындықов туралы қаралы хабарды полицейлер туыстарына қырық күн өткеннен кейін ғана естірткен болатын.


Қызылордада жоғалған азаматты белгісіздердің бейітіне жерлей салған полицейлер жазаға тартылды

ERNUR.KZ. Жоғалған баланың қайтыс болғанын дер кезінде естіртпей, тіпті туыстарын іздемей марқұмды белгісіздердің бейітіне жерлей салған полицейлерге байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, деп жазады Экспресс К.

Берік Сағындықовтың анасының айтуынша, бұған дейін жоғалған ұлы туралы құзырлы органдарға бірнеше рет хабарласа да, шағымы қабылдаусыз қалған көрінеді. Ол ісіне салғырт полицейлер әлі күнге кешірім сұрап та келмегенін айтады

Алайда осы іске байланысты органның жауапты қызметкерлерін орындарын босатпапты.

"Қызметтік тергеу жүргізіліп, кінәлі деп танылған полиция қызметкері және оның тікелей басшылары қатаң тәртіптік жазаға тартылды", - деп хабарлаған полиция басқармасы.