Күдікті елорда аумағында құрықталған.
ERNUR.KZ. Қызылордалық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы Өзбекстан елінің азаматын қолға түсірді, деп жазады inbusiness.kz.
Ақпаратқа сәйкес, облыстық Полиция департаменті криминалды полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген.
"ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) және ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша күдікті қатарында танылып, 2018 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы Өзбекстан елінің тұрғыны құрықталды. 2018 жылы күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау"түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Жедел уәкілдер күдіктіні Астана қаласында аумағында ұстаған", - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда ол Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.