«Lada» - мемлекеттік мекемелер ең көп сатып алған көлік

0
1 896

Мемлекеттік мекемелер жыл басынан бері бірде-бір шетелдік көлік сатып алмаған.


«Lada» - мемлекеттік мекемелер ең көп сатып алған көлік

ERNUR.KZ. Қазақстандық меморгандар ең көп сатып алатын көлік – «Lada», деп жазады altaynews.kz.

«ҚазАвтоПром» мәліметінше, мемлекеттік мекемелер жыл басынан бері бірде-бір шетелдік көлік сатып алмаған, қазақстандық көліктерді ғана алған. Жыл басынан 9,6 млрд теңгеге 1 537 автокөлік сатып алынды. «Мемлекеттік сатып алу тарихында алғаш рет, 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында сатып алынған қызметтік техниканың барлығы қазақстандық автокөліктер болды», – делінген таратылған хабарламада.

Ең көп сатып алынған отандық көліктердің көшін жол талғамайтын Лада 4x4 бастады. 487 көлік санымен 31,7% үлеске ие.

Бұдан кейін Skoda Octavia (160 бірлік; 10,4%),
CHEVROLET Aveo (99 бірлік; 6,4% ),
UAZ Hunter (97 бірлік; 6,3%),
Hyundai Elantra (77 бірлік; 5%),
УАЗ 396295 (71 бірлік, 4,6%),
Skoda Superb (57 бірлік; 3,7%),
Hyundai Tucson (47 бірлік; 3,1%),
УАЗ 220695 (41 бірлік; 2,7%)
УАЗ 390995 (34 бірлік; 2,2%)